Астанада «Антивирус» спектаклінің тұсаукесері болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Антивирус» спектаклінің тұсаукесері болды

Астанада «Антивирус» спектаклінің тұсаукесері болды

Астананың Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында драматург Е.Жуасбектің «Антивирус» спектаклінің тұсауы кесілді.

  • 23 Мамыр 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

Спектакльдің қоюшы режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Болат Ұзақов спектакль бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін суреттейді.

Спектаклдегі оқиға желісі көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында өрбиді. Орталықтың менеджері, ауылдан келген қария мен қалтасы ақшаға толы байдың баласы бір жағдайды бастан кешіреді. Орысша сөйлейтін әлгі бай баласы ауылдан келіп, күндіpгі оқуынан кейін көлік жуып, күн көріп жүрген студент қызға ғашық болады. Қойылымның ақсақал кейіпкері сол маңдағы дәмхананың меңгерушісі, ауқатты әйелге көңілі кетеді. Ал менеджер жігіт орталыққа көлігін жөндетуге келген жұмысбасты аруды сүйеді. Мұндағы ең басты заңдылық — адамдардың бір-біріне деген қарама -қайшылығы. Қойылымдағы басты кейіпкердің бірі қара жұмыс істейтін өзбек азаматы көңілі кең қазақ даласында ақшаны күректеп табуға болатынын тамаша көрсеткен. Орталықта бұрын жұмысшы болып жүрген, кейін қазақтың азаматтарын қожайыны қылып алатын өзге төрт қыз-келіншектің келуімен спектакль желісі қыза түседі.

«Спектакль жалпы ойымдағыдай шықты деп айтуға болады. Дегенмен, кемшін түсіп жатқан жерлері де бар. Себебі өнер тірі адам сияқты, бұл жерде актерлердің көңіл-күйіне, дайындығына көп нәрсе байланысты. Ал жалпы алғанда бүгінгі нәтижеге ризамын», — дейді спектакльдің тұсаукесерінен кейін журналистермен сұхбаттасқан қойылымның режиссері Б.Ұзақов.

Перейти к новостям спорта