ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Московская және Катченко көшелерінің қиылысында 18 қазанда сағат 16.51-де диаметрі 600 миллиметрлік су құбыры жарылды. 19 қазан күнгі сағат 22.25-тегі жағдаймен апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, су қамтамасыздығы қалпына келтірілді. Апаттың зардаптарын жоюға «АстанаСуАрнасы» ҚМКК-ның 30 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті