Caravan Logo

Астанада апатты көппәтерлі үйлерде тұрып жатқандар жаңа пәтерлерге көшіріледі

Астанада апатты көппәтерлі үйлерде тұрып жатқандар жаңа пәтерлерге көшіріледі

Әкімнің сөзіне қарағанда, Астанада апатты жағдайда тұрғандардың санатына жататын 231 көппәтерлі үй бар. Оның ішінде 86-сы тұруға айтарлықтай қауіпті тұрғын үй болып анықталды. Осы орайда ол, бұл мәселені кезең-кезеңмен шешіп, қаланың коммуналдық меншігінен 490 пәтерді қаладағы Кенесары көшесі бойындағы Сембинов көшесі қиылысынан, Брусиловский көшесі қиылысына дейінгі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға ұсыну керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар қала басшысы тұрғын үйдің ауданы 1:1 есебімен алмастырылатынын жеткізді. Алғашқы кезеңде 21 үй сүріліп тасталатын болады.