Форум аясында «Ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық аспектілері» тақырыбындағы конференция өтіп, тақырыптық көрме ұйымдастрылып, озық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кешенді шешімдердің тұсаукесері өткізіледі.
Форумға Ресей, Қазақстан, басқа да ТМД елдерінің, Германия, Канада, АҚШ, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің мемлекеттік құрылымдарының жетекшілері, қазақстандық және ресейлік жетекші ІТ компаниялардың өкілдері қатысады.
Форумды РФ Мемлекеттік думасының қауіпсіздік жөніндегі комитеті, ҚР парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті мен «Инфофорум» атты коммерциялық емес әріптестік ұйымы ұйымдастырып отыр.
Шараны ұйымдастыруға РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі, РФ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Федералдық агенттігі, РФ техникалық және экспорттық бақылау жөніндегі Федералдық қызметі, ҚР үкімет басшысының кеңсесі, Қазақстанның Ұлттық банкі секілді мекемелер ұйымдастыруға қолдау көрсетуде.
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бірінші Еуразиялық форум 2005-жылғы қыркүйекте Алматыда өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті