Астанада ақша айырбастау орнына қарулы шабуыл жасаған күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ақша айырбастау орнына қарулы шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Астанада ақша айырбастау орнына қарулы шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Астанада ақша айырбастау орнына қарулы шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Естеріңізге салсақ, кеше таңғы сағат 6 шамасында тапанша кезенген қаскөй аталған жерден ақша тонауға тырысқан еді.

  • 19 Тамыз 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп, бір тәулікке жетпей күдіктіні ұстады. Ақмола облысының 22 жастағы тұрғыны кінәсін толығымен мойындап отыр. Ал оқ атқан пневматикалық тапаншасы айғақ ретінде алынды. Ол алғашында ақша айырбастайтын кейіп танытып, кейін кассирге қаруын тақап, ақша талап еткен. Әбден шошынған қыз барлық ақшаны алып үлгереді. Және өзі үстел астына жасырынып, күзетке белгі берген. Ал, ызаланған жігіт қаруынан бірнеше рет оқ жаудырады. Ол тек үстелде қалған 2 мың рубльді алыпты. Қазір қарулы шабуылға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде. Ал күдікті уақытша қамау қапасында отыр.

 

Соңғы жаңалықтар