Астанада ақша айырбастау орнына қарулы шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ақша айырбастау орнына қарулы шабуыл жасалды

Астанада ақша айырбастау орнына қарулы шабуыл жасалды

Астанада оқыс оқиға! Қаланың қақ ортасында орналасқан валюта айырбастау пунктіне қарулы шабуыл жасалды.

  • 18 Тамыз 2015
  • 272
Фото - Caravan.kz

Қаскөй таңғы сағат 5 жарымда келіп алдымен ақша айырбастайтындай кейіп танытыпты. Кейін пневматикалық тапаншасын алып шығып, кассирге барлық ақшаны беруді бұйырған. Қатты шошып қалған қыз бірден астыға жасырынып, стол үстіндегі ақшаны да алып үлгереді. Ал, кассирдің мұндай әрекетіне ызаланған жігіт тапшадан оқ жаудырып, столда қалған екі мың рубльді ғана алып тайып тұрыпты. Қазір қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды. Ал шошып қалған кассир қызға уақытша демалыс беріліпті.

Әлия Салыбекова, валюта  айырбастау пунктінің менеджері:

Оның бойы кішкентай болды.Әрі арықтау келген. Егер ұзын болса мүмкін оқ атқанда тигізер ме еді. Қатты шошып қалдық. Қайта кассир қыз күзет шақыратын түймені де басып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар