Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада тыл еңбеккері 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмады. Ардагер неге елеусіз қалды, қалалық әкімдік түсініктеме берді.

Теңдік Изақов — тыл ардагері
© Photo : Акимат Астаны
Шеруге кіре алмай қоршау сыртында қалған ардагердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Артынша айыпты екенін айтып, жауапты мамандар ардагерден кешірім сұрады.
Елеусіз қалған тыл ардагері — профессор Теңдік Изақов болып шықты.

Теңдік Изақов — тыл ардагері
© Photo : Акимат Астаны
Әкімдік іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылатынын түсіндірді.
«Орын санының шектеулі, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді. Жеңіс парадына еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ», — дейді қалалық әкімдік.

Теңдік Изақов — тыл ардагері
© Photo : Акимат Астаны
Астана әкімдігі Теңдік Изақов пен оның жақындарынан туындаған жағдайға байланысты кешірім сұрады. Тыл ардагері 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды.