Астанада «Арлан» сарбаздары оқушыларды өз-өзін қорғауға үйретуде - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Арлан» сарбаздары оқушыларды өз-өзін қорғауға үйретуде

Астанада «Арлан» сарбаздары оқушыларды өз-өзін қорғауға үйретуде

Бүгін Астанада №60 орташа мектепте өз-өзiн қорғау әдістерін үйрететін арнайы тренинг өттi.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Бұл тренингтер мектеп оқушыларына экстремалды жағдайларда өзiн-өзi қорғау дағдыларын игеруге бағытталған. Осыған орай біз қалалық білім басқармасымен бірігіп, №60 орта мектепте алғаш рет осындай сабақ өткізіп отырмыз. Болашақта аталмыш тренингтерді елордадағы барлық мектептерде өткізу жоспарлануда», — дейді Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Құралай Қарина.

Қ.Қаринаның атап өткеніндей, 2012 жылы кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты 400-ден астам қылмыс тіркелді. Оның 59-ы қала мектептерінде, 200-і қоғамдық орындарда жасалған. Олардың дені пайдақорлық, зорлық-зомбылық мақсаттағы қылмыстар.

«Сондықтан біз балаларды өзін-өзі қорғау әдістеріне баулуды шештік. Бүгін біз тренингте «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының сарбаздарымен бірге экстремалды жағдайларда қолдануға болатын бірнеше әдіс-тәсілдер көрсетеміз. Сонымен қатар экстремалды сәттерде өзін-өзі қалай ұстау қажеттігін де үйретеміз. Бұл бір реттік акция емес, кейін мұны дәстүрге айналдырып, мектептерде денешынықтыру сабақтары кезінде өткізіп тұратын боламыз», — деді Қ.Қарина.