Астанада «Артем» СҮ маңындағы төбелеске қатысқандар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Артем» СҮ маңындағы төбелеске қатысқандар сотталды

Астанада «Артем» СҮ маңындағы төбелеске қатысқандар сотталды

Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты бұзақылық пен билік өкіліне көнбеушілік фактісі бойынша Д.Жолдасов пен Ш.Рахымовтың үстінен қозғалған қылмыстық істі қарады.  

  • 3 Тамыз 2015
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Сот 2015 жылы 16 маусымда айыпталушылардың «Артем» СҮ маңында қоғамдық тәртіпті бұзып, топтық төбелесті ұйымдастырғанын анықтады.  Сонымен қатар, олар  полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Сотта айыпталушылар кінәларын мойындап, жасаған істеріне өкінетіндіктерін білдірді», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлімі 1 бөлімшесінде қарастырылған қылмысқа айыпты деп танылды. Сот 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу және 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.  


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар