Астанада әртүрлі бұқаралық шаралар өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әртүрлі бұқаралық шаралар өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өтті

Астанада әртүрлі бұқаралық шаралар өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өтті

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде вице-министр Алик Шпекбаевтың төрағалық етуімен әртүрлі бұқаралық шаралар өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер органдарының жұмысының жағдайы жөнінде министрлік қызметтерінің және облыстық ішкі істер департаменттерінің басшыларымен селекторлық бейне жиналыс өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 13 Тамыз 2008
  • 604
Фото - Caravan.kz

«А. Шпекбаев мұндай шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктелген маңызды тапсырма екендігін атап көрсетті. Сондықтан полиция қызметі жергілікті атқару органдарымен және бұқаралық шараларды ұйымдастырушылармен тығыз байланыс жасай отырып заң аясында ұйымдастырылуы қажет», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІМ халықаралық тәжірибені зерттеу қорытындысы бойынша бұқаралық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің күзетін ұйымдастырудың әдістемелік кеңестерін жасап шығарды. Министрлік, полицияның өңірлік бөлімшелері оларды өткізу кезінде жалпы алғанда азаматтардың қауіпсіздігі мен шұғыл жағдайды бақылауда ұстауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар тәжірибелік және ұйымдастыру шараларын іске асырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар