Астанада «Аса ауыр жеңілдік» атты сурет көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Аса ауыр жеңілдік» атты сурет көрмесі ашылды

Астанада «Аса ауыр жеңілдік» атты сурет көрмесі ашылды

Бүгін Бейбітшілік пен келісім сарайының «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығында Лейла Махаттың «Аса ауыр жеңілдік» атты сурет көрмесі ашылды.

  • 27 Мамыр 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Көрмеге белгілі суретшінің «Көне ою-өрнектер», «Құландар рухы», «Дала аспаны», «Аңдар», «Жаңа қала», «Уайым» сынды туындылар серияларынан алынған 57 шығармасы қойылған.

Көрме тақырыбы негізінен бүгінгі күнгі жаңа заманауи дәстүрлермен ұштасқан көшпелі сақ өркениетінің тарихи ерекшеліктерін арқау етеді. Өнер туындыларынан өткен мен бүгіннің байланысын бейнелейтін әрі адам бойындағы қайшылықтарды нәзік түрде жеткізетін жан тебіренісінің, жүрек толқынысы мен сана толғанысының өрнектері айқын аңғарылады. Сақ дәуірінен мұра болып қалған аңдық стиль өрнектері 20-30 есе үлғайтылып, суретшінің гравюралық шығармаларында бейнеленген. Туындылар тибет қағазына қолмен түсірілген.

«Бүгінгі көрменің «Аса ауыр жеңілдік» деп аталуы мүлдем үйлеспейтіндей әсер қалдыруы мүмкін, бірақ бұл тегін емес. Бұл чех жазушысы Милан Кундераның романынан алынып отыр. Адам болмысындағы қайшылық, көне мәдениет пен қазіргі заманауи өркениеттің сабақтастығы, бұрынғы сақ болмысының қайталанбас ерекшеліктері сынды тақырыптар мені ерекше толқытады, сондықтан да көне тарихи мұра мен бүгінгі заманауи даму ерекшеліктері менің жұмыстарымнан көрініс тауып отыр», — деді суретші.

Перейти к новостям спорта