Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Зияткерлік сайысты Astana Орталық шахмат клубы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Astana astra railways және Астана қалалық шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырды.

Бұл турнир әрқайсысында 4 адамнан тұратын командалық жарыс ретінде өтті.
– Турнир жастар мен ересектер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылардың арасында біздің мектептің шәкірттері де бар, олардың қатарында гроссмейстерлер, ФИДЕ шеберлері, халықаралық шеберлер де кездеседі. Жыл соңына дейін серіктестерімізбен бірге тағы 8 турнир өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Astana Орталық шахмат клубының құрылтайшысы, халықаралық төреші Диас Исабаев.

Турнирге алғаш рет жаңадан бастағандар да, зор жетістікке жеткендер де қатысты:
— Аңсат Алдияр – халықаралық шебер, 15 жасында ерлер арасындағы Қазақстан чемпионы атанды, 2025 жылғы Әлем кубогына іріктеу турнирінің жеңімпазы;
— Ахмединов Сәтбек – блиц бойынша Азия чемпионы;
— Сүлеймен Ерғали – рапид және блиц бойынша әлем чемпионы;
— Анетов Әміржан – рапид және блиц бойынша әлем чемпионы;
-Аманжол Ханзада — классикалық шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Astra Cup турнирі қызықты спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанда шахматты ілгерілету жолындағы маңызды кезең болды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және спорттық рухты көрсетті.
Мұндай іс-шаралар жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту мен еліміздегі шахмат қозғалысын нығайтуда маңызды рөл атқарады. 2025 жылға жоспарланған келесі турнирлер сериясы да мазмұнды әрі қызықты болмақ.