Жарияланды: 430

Астанада ауа райының жылынуы күтілуде

Осы аптаның ортасында елордада күн райы жылынуы ықтимал.

Таяудағы үш күнде оңтүстік және оңтүстік-шығыстан баяу жел есіп, ауа температурасы күндіз 10 градустан төмен болады деп болжам жасайды синоптиктер. Астананың ресми сайтының жазуынша, ертең елордада ауа райы жауын-шашынсыз, құбылмалы болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с екпінмен жел тұрады. Ауа температурасы түнде -13-15 °C, күндіз -7-9°C болады. 10 қаңтар күні қалада жауын-шашынсыз, күн бұлттанып, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде желдің екпіні күшейіп, 18 м/с жетеді. Термометр бағаны түнде -15-17°C, күндіз -6-8°C салқындықты көрсетеді. 11 қаңтарда күн бұлттанып, кей жерлерде қар жаууы ықтимал. Желдің бағыты өзгеріп , 9-14 м/с, кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде - 10-12 градус, күндіз - 3-5° градус суық болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін