Жарияланды: 290

Астанада әуе апатынан қаза тапқан офицерлердің отбасыларына пәтер кілті табысталды

Биыл жазда МИ-17 тікұшағымен апатқа ұшырап, қаза болған офицерлердің отбасыларына Астанада пәтер берілді.

«Достар» тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі Астанадағы әскери аэродромда өтті. Оған ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Алсай Жұманов қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «МИ-17 тікұшағының экипажы қызметтік борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі үшін ҚР президентінің жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды», - деді генерал-майор, делінген хабарламада. «Біздің қызметтес достарымыз, ұшақ экипажы мүшелері - командир Талғат Досановты, ұшқыш аға лейтенанттар Еркін Махамбетниязов пен авиациялық борт техник Жанбота Қасымов арамызға қайтып оралмайды. Біз оларды ұмытқан жоқпыз! Әрдайым есте сақтаймыз!», - деп атап өтті А.Жұманов. МИ-17 ұшағы тамыздың 22-сінде апатқа ұшыраған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін