Астанада әуе апатынан қаза тапқан офицерлердің отбасыларына пәтер кілті табысталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әуе апатынан қаза тапқан офицерлердің отбасыларына пәтер кілті табысталды

Астанада әуе апатынан қаза тапқан офицерлердің отбасыларына пәтер кілті табысталды

Биыл жазда МИ-17 тікұшағымен апатқа ұшырап, қаза болған офицерлердің отбасыларына Астанада пәтер берілді.

  • 9 Қараша 2012
  • 277
Фото - Caravan.kz

«Достар» тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі Астанадағы әскери аэродромда өтті. Оған ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Алсай Жұманов қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«МИ-17 тікұшағының экипажы қызметтік борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі үшін ҚР президентінің жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды», — деді генерал-майор, делінген хабарламада.
«Біздің қызметтес достарымыз, ұшақ экипажы мүшелері — командир Талғат Досановты, ұшқыш аға лейтенанттар Еркін Махамбетниязов пен авиациялық борт техник Жанбота Қасымов арамызға қайтып оралмайды. Біз оларды ұмытқан жоқпыз! Әрдайым есте сақтаймыз!», — деп атап өтті А.Жұманов.
МИ-17 ұшағы тамыздың 22-сінде апатқа ұшыраған болатын.

Соңғы жаңалықтар