Астанада аутизмге шалдыққан балалар үшін «Асыл мирас» орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада аутизмге шалдыққан балалар үшін «Асыл мирас» орталығы ашылды

Астанада аутизмге шалдыққан балалар үшін «Асыл мирас» орталығы ашылды

Денсаулық сақтау, соның ішінде, балаларға білім беру,  балаларға көмектесу бағыттарында қайырымдылық шараларын ұйымдастыратын

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 809
Фото - Caravan.kz

Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" жекеменшік қайырымдылық қоры бүгін Астанада аутизмге шалдыққан балалар үшін  "Асыл мирас" атты орталық ашты.

Бұған дейін, атап айтсақ, осы жылдың маусымында Алматыда аутизмге шалдыққан балаларға арналған қордың алғашқы орталығы ашылған болатын. Осы уақыттан бері Алматы қаласындағы орталыққа 250-ден астам  бала жазылған.

"Соңғы жылдары,өкінішке орай, бұл дертке шалдыққан балалардың саны көбейіп барады. Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, əлемдегі қауіпті үрдіс. Əлем бойынша дүниеге келген əрбірі 88 баланың біреуінде осы аурудың белгілері байқалады екен. Сондықтан, қор Қазақстанда осындай орталық ашып отыр. Осы орталықтың базасында аутизмді емдеудің кешенді жүйесін қалыптастыруымыз келеді. Яғни, диагностикадан бастап, баланы соңына дейін сауықтыру шараларын қолға аламыз. Бұл жерде диагнозды ерте қою маңызды. Себебі, əр ауру сияқты, аутизмді де ерте анықтаса, сол баланы толық емдеп шығуға мүмкіндік көп болады",-дейді "Асыл мирас" қорының бас директоры Марат Айтмағамбетов.

Оның айтуынша,орталық жылына 180 баланы қабылдап, оларды диагностикадан өткізе алады. Емдеу шаралары 6 айға созылады, яғни 90 баланы бір жарты жылға, қалған 90 баланы келесі жарты жылға бөліп емдеу жүргізіледі. Орталықтың ең бірінші мақсаты — балаға диагноз қою. Яғни, орталық  баланы үш кезеңді диагностикадан өткізеді де егер аутизм диагносы расталса, оны бірден орталыққа жатқызады. Ең қуантарлығы, орталыққа келіп емделу үшін орталық орналасқан қалада тіркеуде тұру,  өңіріндегі дəрігерлерден жолдама алудың қажеті жоқ. Тек, орталыққа www.autism.asylmiras.org сайты арқылы немесе эл.почта (autism@  asylmiras.org) арқылы жазылып қою керек. Алматы қаласындағы орталыққа шамамен 250 бала тіркелген, ал Астанадағы орталық елордаға жақын маңдағы қалалардан келетін балаларды да қабылдай береді.

Орталықтың ашылуына Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Салидат Қайырбекова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ақын-жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысты.


2

Соңғы жаңалықтар