Елордасының Сарыарқа ауданында орналасқан авторыноктағы өрт кеше күндіз шыққан. 220 шаршы метр аумақта автокөліктердің бөлшектерін сататын сауда бутиктері мен контейнерлер өртенген. Өрт салдарынан 35-45 жас аралығындағы үш әйел мерт болды. Сонымен бірге көмірқышқыл газынан уланған төрт адам ауруханаға жатқызылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтерінше, өрт 15 сағат 40 минутта, яғни, алғаш шыққан сәттен 1 сағат 15 минуттан кейін шоғырландырылып, 23 сағат 40 минутта толық сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 47 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің шығу себептерін нақтыламай отыр.
Ал бүгін түнде Шымкентегі қарттар мен мүгедектер үйінде де өрт шықты. Мекеме ақпаратына сәйкес, 6 шаршы метрді қамтыған өрт кезінде 75 жастағы әйел түрлі деңгейде күйікке шалдығып, ауруханаға жатқызылды. Лермонтов көшесінде орналасқан ғимараттан 20 адам көшірілді. Өрт 1 сағатта сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті