Астанада автобус жолақысы қымбаттай ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобус жолақысы қымбаттай ма?

Астанада автобус жолақысы қымбаттай ма?

Астана қаласының әкімдігі 1 маусымнан бастап қалада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайтындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

  • 31 Мамыр 2018
  • 126
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Айта кетейік, кеше, 30 мамыр күні әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2018 жылдың 1 маусымынан бастап елордада қоғамдық көлікпен жүру құны қымбаттайтындығы туралы хабарламалар таратылады бастады.

«Аталмыш ақпарат жалған, шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Тарифтерді көтеру туралы шешім қала билігімен қабылданады. Бұл процестің өзі белгілі бір уақытты қажет етеді. Және жаңа тарифтер бекітілген жағдайда қала тұрғындары мен қонақтар бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары және ресми дереккөздер арқылы хабарландырылатын болады», — деп жазды Фейсбукте қала әкімінің баспасөз хатшысы Элвира Жүргенбаева.

Атап өтілгендей, автобустарда жолақы бұрынғыша — 90 теңге және экспресс-маршруттарда 150 теңге болып қалады.

Еске салайық, бүгінде Астанада автобуспен жүру құнын көтеру мәселесі қаралып жатыр. Атап айтқанда, «Astra Plat» электронды төлем картасы бойынша жолақы бағасын — 120 теңгеге, ал қолма-қол ақшамен 170-200 теңгеге арттыру жоспарланған.

Бұл қызмет сапасын арттыру, көлеңкелі айналымды төмендету, автобустарды күту уақытын азайту және автобустар паркін жаңарту үшін жасалуда. 

«Жалпы, жол жүру бағасын көтерудің басты факторы дизельдік отын бағасының 40 пайызға, қажетті құрал-жабдықтардың бағасы 2014 жылмен салыстырғанда 1,5-2 есеге (сол кезде баға 90 теңге болып бекітілген) қымбаттауы болып отыр. Бұған қоса автобус парктері қызметкерлерінің айлық төлемақы деңгейін арттыру қажеттілігінің де әсері бар. Қазіргі тариф бойынша оны жүзеге асыру мүмкін емес. Мынаған назар аудара кету керек: аталған ақпарат келісілу сатысында және жуық арада қоғамдық кеңес пен қалалық мәслихат депутаттарының қарауына жолданады. Депутаттардың ой-пайымының есебімен түпкілікті шешім қабылданады», — деген болатын «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Оқи отырыңыз:

Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды

Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды

 

Соңғы жаңалықтар