Астанада автобус жолымен жүргендерге айыппұл салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобус жолымен жүргендерге айыппұл салынуда

Астанада автобус жолымен жүргендерге айыппұл салынуда

Астанада бүгіннен бастап автобус жолына түскен жүргізушілерге айыппұл салына бастады. Екі апта бойы ереже түсіндірумен болған елордалық полицейлер енді тәртіп бұзған жүргізушілерге тек әкімшілік шара қолданбақ.

  • 12 Тамыз 2015
  • 255
Фото - Caravan.kz

Қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ осыдан екі апта бұрын Бөгенбай батыр және Момышұлы көшелеріне жүргізілген еді. Жол ережесінің жаңадан енгізілуіне байланысты, көлік жүргізушілері тек ескертумен құтылып келген болатын. Ережені түсіндіруге екі апта жеткілікті деп санаса керек, астаналық жол сақшылары енді нақты іске көшкен. Айта кетейік, мұндай автобус жолақтары жыл аяғына дейін Есілдің сол жағалауындағы тағы біраз көшелерге сызылмақ. Бірақ нақты қай жерлер екені әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар