Жарияланды: 450

Астанада автобустар қозғалысына GPS-бақылау жүйесі енгізілді

Астанада желідегі автобустар қозғалысына GPS-бақылау жүйесі енгізілді. Бұл туралы қалалық № 1 автобус паркінің басқарма төрағасы Сергей Богатырев мәлім етті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

«Қазір автобустарды жаңарту жүргізілуде. Желіде - еуропа мен беларус зауыттары шығарған 243 үлкен класты автобус бар, 84 автобусты біз 2012 жылы сатып алдық. Бағыттық жүйеде барлық шағын аудандар мен қаланың шеткері алыс аудандары да қамтылған. 20-дан астам бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбасы өзгертілді. Автопарк қызметкерлері біліктіліктерін арттырып, арнайы киім үлгілерімен қамтамасыз етілуде», - деді ол. С.Богатыревтың айтуынша, қала тұрғындарынан түсетін шағымның 40 %-дан астамы - қозғалыс кестесінің бұзылуына, 16 %-ы - тасымалдау ережесін бұзуға, 15 %-ы - дөрекілікке байланысты болатын көрінеді. «Енді жүргізушілердің еңбекақысы жолаушылар тасқынына байланысты емес, тасымалдың сапасына қатысты болады. Өйткені, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деп сабақтады сөзін басқарма төрағасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін