Астанада автобустар қозғалысына GPS-бақылау жүйесі енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобустар қозғалысына GPS-бақылау жүйесі енгізілді

Астанада автобустар қозғалысына GPS-бақылау жүйесі енгізілді

Астанада желідегі автобустар қозғалысына GPS-бақылау жүйесі енгізілді. Бұл туралы қалалық № 1 автобус паркінің басқарма төрағасы Сергей Богатырев мәлім етті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

  • 7 Желтоқсан 2012
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Қазір автобустарды жаңарту жүргізілуде. Желіде — еуропа мен беларус зауыттары шығарған 243 үлкен класты автобус бар, 84 автобусты біз 2012 жылы сатып алдық. Бағыттық жүйеде барлық шағын аудандар мен қаланың шеткері алыс аудандары да қамтылған. 20-дан астам бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбасы өзгертілді. Автопарк қызметкерлері біліктіліктерін арттырып, арнайы киім үлгілерімен қамтамасыз етілуде», — деді ол.

С.Богатыревтың айтуынша, қала тұрғындарынан түсетін шағымның 40 %-дан астамы — қозғалыс кестесінің бұзылуына, 16 %-ы — тасымалдау ережесін бұзуға, 15 %-ы — дөрекілікке байланысты болатын көрінеді.

«Енді жүргізушілердің еңбекақысы жолаушылар тасқынына байланысты емес, тасымалдың сапасына қатысты болады. Өйткені, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға дайындық жұмыстары жүргізілуде», — деп сабақтады сөзін басқарма төрағасы.