Астанада авторлық әндер фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада авторлық әндер фестивалі басталды

Астанада авторлық әндер фестивалі басталды

Елорда іргесінде тағы да әндер шырқалуда. Бүгін дәстүрлі халықаралық фестиваль өз шымылдығын ашады. Астанаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден ат терлетіп келген өнерпаздар авторлық әндерін көпшілікке табиғат аясында таныстырмақ.

  • 30 Шiлде 2011
  • 652
Фото - Caravan.kz

Осылайша орындаушылар шығармашылық сайыс қарсаңында дайындалып жатыр. Бірақ мұнда айтарлықтай бәсекелестік жоқ. Өйткені фестивальге қатысушылардың көбі жеңісті емес, жақсы демалысты көздейді. Концерт басталмай тұрғанда олар отбасыларымен бірге шатырларын тігіп, дәмді тағамдарын әзірлеп те қойған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бұл жерде дәрігерлер, өрт сөндірушілер мен полицейлер кезекшілік етеді.

Дегенмен фестивальді тамашалаймын деушілерге жол ашық. Көрермендерден тек рухани қолдау талап етіледі. Жалпы қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Биыл да жүздеген адам әділ қазылар алқасына төл туындыларын ұсынатын болады. Жеңімпаздарды жеке аталымдар бойынша марапаттар күтуде. Әдеттегідей балалардың шығармашылығына ерекше көңіл бөлінбек.


Илья Лагвиненко, «Астана-2011» фестивалін ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

-Байқаудың негізгі бағдарламасы ертеңгі күнге жоспарланған. Күні бойы әділ қазылар үздіктерді анықтайды. Барлық қатысушылардың ішінен ақтық сынға тек 20-30 шақты адам ғана өтуі тиіс. Содан кейін үлкен концерт ұйымдастырып, жеңістерін барлығымыз бірге атап өтеміз.

Соңғы жаңалықтар