Астанада Азаматтық форум басталады, оның аясында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері министрліктер мен мекеме басшыларымен жүздеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Азаматтық форум басталады, оның аясында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері министрліктер мен мекеме басшыларымен жүздеседі

Астанада Азаматтық форум басталады, оның аясында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері министрліктер мен мекеме басшыларымен жүздеседі

Бүгін, 14-қарашада түстен кейін екі күнге созылатын Азаматтық форум басталады. Бүгін жиынға қатысушы- үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері министрліктер мен мекеме басшыларымен жүздеседі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 14 Қазан 2003
  • 590
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-қазанда Астанадағы президенттің мәдени орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Азаматтық форумның жалпы отырысы өтеді. Жалпы отырысқа форумға қатысушы 180 делегат, парламент және үкімет өкілдері , сондай-ақ, еліміздегі дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Форумды ұйымдастырушыларға үкіметтік емес ұйымдардың басшыларынан отырыста сөз беру жөнінде 20-дан астам өтінім келіп түскен. Сондай-ақ, жалпы отырыста Елбасы сөз сөйлейді деп күтілуде.

Отырыста талқыланатын басты тақырыптар арасында гендерлік және экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың бағыты, еліміздегі әлеуметтік проблемалар т.б. Форум қорытындысы бойынша делегаттар мен форумға қатысушылардың мәлімдемесін қабылдау көзделген.
Елімізде 4,5 мың үкіметтік емес ұйым тіркелген. Аймақтық конференцияларға 2,5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Анкета жинау жолымен аймақтық конференцияларда форумға 180 делегат сайланды.

Соңғы жаңалықтар