Астанада Азаматтық форумға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын - ҚР ақпарат министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Азаматтық форумға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын - ҚР ақпарат министрлігі

Астанада Азаматтық форумға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын - ҚР ақпарат министрлігі

Азаматтық форум ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік мекемелер өкілдері, сондай-ақ, еліміздің барлық аймақтарынан келген үкіметтік емес ұйымдардың басшыларының қатысуымен 14-қазанда өтеді деп межеленді.

  • 8 Қазан 2003
  • 424
Фото - Caravan.kz

ҚР ақпарат министрлігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, бұған дейін еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенділерінің бас қосулары болып өтті. Бұл кеңеске қатысушылар әрбір аймақтан Азаматтық форумға қатысатын өкілдерді тағайындады.

Елімізде барлығы 3 мыңнан астам қоғамдық бірлестіктер тіркелген, олардың мыңнан астамы ғана белсенді жұмыс істейді. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың басым көпшілігі азаматтық қоғам құру, білім беру, адам құқығы, экология және ақпараттық технологиялар саласында еңбек етеді. Алдағы азаматтық форумға 100 үкіметтік емес ұйымнан өкіл қатысқалы отыр. Алматыдан бұл шараға 12 өкіл аттанады.
Азаматтық форумның басты мақсаты — үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы диалог негізін қалау болмақ. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мұндай диалогтың маңызын айрықша жоғары бағалауда. Шарада үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс істеуіне заңдық негіз қалау мәселесі басты назарға алынбақшы.

Соңғы жаңалықтар