«Дөңгелек үстелді» ҚР СІМ мен «Адам құқықтары үшінгі Хартия» қоғамдық қоры, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі, Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығы бірлесе ұйымдастыруда.
Шараның басты мақсаты — пактінің мазмұны мен оны іске асыруға қатысты тәжірибелік мәселелерді мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесе талқылауға саяды.
Отырысқа қатысушылар адамның ар-намысын таптауға бағытталған қатал қарым-қатынас пен жазадан қорғау саласындағы, сондай-ақ, бірлестіктер құру еркіндігіне қатысты құқықты қамтамасыз ету мен оны қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды талқылайды. Сонымен бірге Қазақстанның тиісті салалардағы құқықты қолдану тәжірибесі мен ұлттық заңнаманы реформалау проблемалары мен халықаралық міндеттемелері де күн тәртібіне енгізілген.
«Дөңгелек үстел» жиналысына мемлекеттік мекемелердің, бейресми ұйымдардың, халықаралық ұйымдар мен елшіліктердің өкілдері мен ұлттық сарапшылар қатысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті