Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының халықаралық конференциясы өтеді - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының халықаралық конференциясы өтеді - ҚР СІМ

Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының халықаралық конференциясы өтеді - ҚР СІМ

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 11 Тамыз 2008
  • 404
Фото - Caravan.kz

«12 тамызда Астанадағы президенттің мәдени орталығында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларының каталогын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарына сәйкес «Орталық Азия елдерінің мәдениетаралық ықпалдастығы» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді», — деді Е. Ашықбаев.

«Шараның мақсаты — Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайту, Қазақстанның түрлі өркениеттер арасындағы мәдени диалогты дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктерін насихаттау болып табылады», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар