Астанада Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің жоғары лауазымды зерттеу тобының 3-ші мәжілісі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің жоғары лауазымды зерттеу тобының 3-ші мәжілісі өтуде

Астанада Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің жоғары лауазымды зерттеу тобының 3-ші мәжілісі өтуде

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Азиядағы ынтымақтастық диалогына (АЫД) мүше-елдердің жоғары лауазымды зерттеу тобының 3-ші мәжілісі өтуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

18-19 тамызға созылатын кездесуге жиырмадан астам елдердің жоғары лауазымды өкілдері қатысуда.

Кездесу барысында қатысушылар Диалог шеңберіндегі болашақ ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді қарастырмақ.

Қазақстанға ерекше қатысы бар мәселелердің қатарына 2008 жылдың 16 қазанында Астана қаласында өтетін Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің 7-ші кездесуін өткізу кіреді.

Министрлер кеңесінің мәжілісін өткізгеннен кейін 30 елдің басын қосып отырған Азиядағы ынтымақтастық диалогына Қазақстан төрағалық етеді деп күтілуде.

Қазіргі уақытта АЫД-да 20 әр-түрлі бағыттағы ынтымақтастық салаларын қамтиды. Қазақстан көлік, энергетика және ауыл шаруышылық саласындағы ынтымақтастықтың тең бағдарлаушысы бола отырып, осы салаларды өзінің АЫД-ға төрағалығы барысында белсенді дамытуды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар