Астанада бай баласына бір бүйрегін кесіп берген азамат алданып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бай баласына бір бүйрегін кесіп берген азамат алданып қалды

Астанада бай баласына бір бүйрегін кесіп берген азамат алданып қалды

Банктегі несиесінен құтылу үшін 4 миллион теңгеге бір бүйрегін кесіп берген азамат алданып қалды. Жігіт ағасы сау мүшесін астаналық бір ауқатты отбасының дімкәс қызына салып берген екен. Алайда, операция біткен соң олар донорға бір тиын да татырмай үйіне ақша сұрап барған азаматты тепкілеп қуып шыққан. Енді қарызынан құтылам деп бүйрегінен айырылған азамат полицияға шағымдануға мәжбүр. Досжан Маратұлы зардап шегушінің жантүршігерлік әңгімесін тыңдап жағасын ұстап келді. 

  • 30 Қазан 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz

Камераға қарауға ұялып теріс бұрылған Жанат есімді 40 жастағы  Алматының тумасы. 3 баланың әкесі. Қарызға белшеден батып, ақшадан қатты қысылған соң бір бүйректі сатудан басқа амалым қалмапты.

Жанат, зардап шегуші:

Банкке де, жұртқа да 2 миллион теңгеден астам қарызбын. Ақшаны қайтаруға талай жанталастым. Бірақ болмады. Сондықтан бір бүйрегімді сатуға бел будым. Интернетке кіріп хабарландыру жаздым.

Сөйтіп, Жанатқа көп ұзамай донор болуға ұсыныс түседі. Астанадан жыларман болып хабарласқан әйел қызымды құтқар деп өтініпті. Ақшасын  да қолма-қол санап  беруге уәде еткен. Бірақ, жасөспірім қызын ажалдан құтқарып, бүйрегін бөліп берген жігіт ағасына ерлі-зайыптылар бір тиын да татырмай алдап соққан.   

Жанат, зардап шегуші:

-Мен ол әйелге сеніп қалдым. Қызы үшін ақшасын аямайды деп ойладым. Операциядан кейін сол келіншектің зәулім  коттеджіне бардық. Бірақ күйеуі мені тепкілеп қуып шықты.

Бір бүйрегінен айырылып, ақшасыз далада қалған жігіт ақыры полицейлерге шағымданған. Қазір Елордалық тәртіп сақшылары алғаш рет осындай іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ал, алданған азаматтың өзі дағдарыс орталығынан пана тауыпты. Қажетті емін осы жерде алып жатыр. Негізінен елімізде бұлайша ағзаны саудалау заңға қайшы. Сондықтан бүйрегін кесіп берген Жанаттың өзі жауапқа тартылуы мүмкін.

Анна Рыль, «Көмек» адам саудасының құрбандарына арналған орталық директоры:

-Заң бойынша тек, жақындарыңа ғана донор болуға болады. Оның өзінде дәрігер қауіп бар ма жоқ па бәрін тексереді. Содан соң ғана бүйрек трансплантациясына рұқсат беріледі.

Жалпы, елімізде бір ғана бүйрекке 2 мыңнан астам сырқат мұқтаж. Қара базардағы бағасы 22  миллион теңгеге дейін барады. Тіпті дене мүшеңді сат та несиеңнен құтыл деген жарнама интернетте ашықтан ашық жарнамаланып жатыр.

Мұндай сайттағы хабарландыруға шектеу қоюға құзырлы органдардың шамасы жетпейді. Өйткені интернетті бастан аяқ бақылау мүмкін емес. Соның кесірінен қаржыға мұқтаж кісілер тірі тауарға айналып жатыр. Ал, бір бүйрекпен қалған Жанатқа енді ерекше күтім керек. Жалғыз бүйрекпен жүру оның денсаулығын түбегейлі нашарлатуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар