Астанада «Бәйтерек» түбінде кәсіпкерді өлтірмек болғандар кінәсін ақыры мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Бәйтерек» түбінде кәсіпкерді өлтірмек болғандар  кінәсін ақыры мойындады

Астанада «Бәйтерек» түбінде кәсіпкерді өлтірмек болғандар кінәсін ақыры мойындады

Астанада «Бәйтерек» түбінде болған атышулы атысқа қатысты сот шиеленісе түсті. Бүгін ұзақ жылға сотталатынын сезген күдіктілердің бірі Камил Ибишев кәсіпкер Олжас Мұқажановқа оқ атқанын ақыры мойындады.

  • 3 Қараша 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

Камил Ибишев, айыпталушы:

-Да, я виноват. Преступление я не отрицаю. И не имею никакого права лишить.. Просто хотел напугать потерпевшего.

Осылайша Ибишев сот алдындағы соңғы сөзін қағазқа қарап ежіктеп оқып шықты. Жалдамалы жендеттер тал түсте тура «Бәйтеректің» маңында бизнесмен, 36 жастағы Олжас Мұқажанов пен оның досына травматикалық қарудан оқ жаудырған болатын. Құдай сақтап кәсіпкер аман қалды. Ал, прокурор қылмысты ұйымдастырғандарды 45 жылға соттауды сұраған. Енді екі күннен кейін судья бұл іске қатысты үкім кеспек. Кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс берген досы, Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы қызметкері Ерлан Анарбек екен. Ол екі жендетті жалдап, жолдасының табысты кәсібін иеленбек болған. Өзі қазір халықаралық іздеуде.

Соңғы жаңалықтар