Астанада бала асырағысы келетін жанұяларға арналған мектеп ашылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бала асырағысы келетін жанұяларға арналған мектеп ашылмақ

Астанада бала асырағысы келетін жанұяларға арналған мектеп ашылмақ

Астанада бала асырап алуға ниетті жанұяларға арналған мектеп ашылмақ. Арнайы мекемеде мамандар болашақ ата-аналарды ұрпақ тәрбилеудің, сәбиді бағып-қағудың жолдарын үйретеді.

  • 4 Тамыз 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мектептегі білім беру тегін. Оқу орнындағы мамандар әрбір ата-анаға баланы бауырға басу үшін қандай құжаттар қажет екенін, жанұяға қойылатын басты талаптарды түсіндіреді.   Яғни, бұдан былай бала асырап алмас бұрын жұбайлардың арнайы білімі болуы тиіс. Жаңа жобаның басты мақсаты — еліміздегі жетім балалардың санын азайту. Өйткені, қазір Қазақстанда 32 мыңнан астам қараусыз қалған бүлдіршін бар екен. Олардың тең жартысы тірі жетім, яғни әке-шешесі бас тартқандар.

Соңғы жаңалықтар