Астанада бала автобустан құлап түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бала автобустан құлап түсті

Астанада бала автобустан құлап түсті

Қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді.

  • 23 Қараша 2017
  • 214
Фото - Caravan.kz

Астанада автобустан бала құлап түсті. Қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, — деп хабарлайды zakon.kz  Today.kz.-ке сілтеме жасап. 

Қарт әйел немересімен бірге балабақшадан қайтып келе жатқан. Өзіне керек аялдамада зейнеткер қызды қолынан ұстап шығуға ыңғайланған. Жолаушылар шығып болмаса да, жүргізуші есікті жауып жүріп кеткен. Салдарынан әйелдің қолы есікке қысылып қалған, ал бала көшеге құлап түскен. Жүргізуші айғайды естіген соң барып көлікті тоқтатқан.

Astana LRT өкілдерінің айтуынша, жүргізуші оқиғаның мән-жайы анықталғанша жұмыстан шеттетіледі.