Астанада балалар арасында шахмат жарысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада балалар арасында шахмат жарысы басталды

Астанада балалар арасында шахмат жарысы басталды

Бүгін Астанада балалар арасында шахматтан «Сарыарқа» атты турнир басталды, деп хабарлайды «Ұлттық шахматшылар одағы» қоғамдық қоры.

  • 4 Қазан 2010
  • 735
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы шахмат федерациясының және Ұлттық шахматшылар одағының құрылуына арналған дода 12 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында ұйымдастырылып отыр. Турнир Қазақстанның үздік шахматшыларының бастамасымен құрылған Ұлттық шахматшылар одағы ұйымының жаңа шахмат мектебінде өтуде.

Балалар сайысының ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев келіп құттықтау айтты. Кейін ұйымдастырушылар ойластырғандай Қ. Өскенбаевқа турнирдің алғашқы жүрісін жүру құқығы берілді.

Қазанның 11-іне дейін жалғасатын сайыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера