Астанада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте бірқатар үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте бірқатар үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

Астанада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте бірқатар үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

Бүгін, 13-сәуірде барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен Астанада өткен кеңесте бірқатар үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Кеңесте ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов, индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсовалар баяндама жасады. Олар аймақ басшыларына бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру, әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету, білім беру жүйесін дамыту және тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жасап жүзеге асыру саласында үкімет тарапынан тындырылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Кеңесте барлық деңгейдегі басқару органдарының белсенділігі, олардың бастамашылдығы, талап-тәртіптер мен өзара келісімдерді бұлжытпай орындау нәтижесінде ғана барлық үкіметтік бағдарламаларды дер кезінде жүзеге асыру мүмкіндігі атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар