Астанада бас бостандығынан айрылғандардың көркемсурет және қолданбалы өнер туындыларының байқау-көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бас бостандығынан айрылғандардың көркемсурет және қолданбалы өнер туындыларының байқау-көрмесі ашылды

Астанада бас бостандығынан айрылғандардың көркемсурет және қолданбалы өнер туындыларының байқау-көрмесі ашылды

Бүгін, 25-қарашада Астанадағы Конгресс-Холл сарайында бас бостандығынан айрылғандар арасындағы көркемсурет пен қолданбалы өнер туындыларының "Үміт 2005" республикалық байқау-көрмесі басталды, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қараша 2005
  • 730
Фото - Caravan.kz

«Көрменің басты мақсаты — сотталған жандардың ішкі жан-дүниесін ашып көрсету. Олардың арасындағы шеберлердің шығармашылығын таныту. Олардың қоғамға тәртіпті адам болып оралуына септігін тигізу», — деді әділет вице-министрі Сергей Магда.

Вице-министрдің айтуынша, көрмеге 88 сурет пен 176 қолданбалы өнер туындылары қойылды. Оған Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты бас бостандығынан айыру мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар қатысуда. Таңдаулы туындылардың авторлары мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байқаудан кейін туындылар қарттар үйіне, балаларға арналған интернаттарға, кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және реабилитациялау орталықтарына, мектептер мен балабақшаларға жіберіледі.

Перейти к новостям спорта