Астанада «Батыл жүрек» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының премьерасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Батыл жүрек» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының премьерасы өтті

Астанада «Батыл жүрек» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының премьерасы өтті

Кеше Астанада «Дисней»/«Pixar» киностудиясының «Батыл жүрек» анимациялық фильмінің қазақ тіліне аударылған нұсқасының қайырымдылық көрсетілімі өтті.

  • 21 Маусым 2012
  • 1734
Фото - Caravan.kz

Оны алғашқы болып Астанадағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, орта мектептердің, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары тамашалады.

«Болашақ» Қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбектің айтуынша, «Батыл жүрек» «Болашақ» Қауымдастығының, «Алтын қыран» қоры мен «Меломан» компаниясының «Дисней»/«Pixar» киностудиясымен бірге жүзеге асырған екінші жобасы. Еске салсақ, Бұған дейін «Көліктер-2» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрермендерге жол тартқан болатын.

Фергус патшасын дыбыстаған ҚР еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай атап өткендей, дубляж кезіндегі ең қиыны — кейіпкерлердің мимикасына дөп түсу болды. Себебі ағылшын тіліндегі сөздердің саны қазақшаға аудармада не ұзақ не қысқа болып кетеді, онымен қосқа, ағылшындықтардың тез сөйлеу мәнері бар. Жалпы, Т.Аралбай болсын, Мерида ханшайымын дыбыстаған жас талант Іңкәр Әбдіраш болсын, рөлге ену, дыбыс ырғағын сақтау, мәтін аудармасының сапалығын сақтау тұрғысынан өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап шықты.

Дубляж жұмыстары 1-12 мамыр күндері аралығында Алматы қаласындағы Cinema Tone Production студиясында жүргізілді. Жобаның жүзеге асырылуына Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей елдерінің мамандары қатысты.

Жобаның бас демеушісі — «Алтын қыран» қоры. Бюджеті — 19 млн. теңге.

«Батыл жүрек» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында 21 маусымнан бастап қазақ және орыс тілдерінде көрсетіле бастайды.

Перейти к новостям спорта