Астанада «Бейбітшілік үшін мәдениет алмасу» халықаралық симпозиумына 20 елдің скауттары жиналады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Бейбітшілік үшін мәдениет алмасу» халықаралық симпозиумына 20 елдің скауттары жиналады

Астанада «Бейбітшілік үшін мәдениет алмасу» халықаралық симпозиумына 20 елдің скауттары жиналады

Астанада «Бейбітшілік үшін мәдениет алмасу» халықаралық симпозиумына 20 елдің скауттары жиналады, деп хабарлады Қазақстанның скауттар қозғалысы ұйымының халықаралық комиссары Елдар Қатенов.

  • 6 Қыркүйек 2011
  • 668
Фото - Caravan.kz

«Симпозиумға 20 елдің өкілдері келеді. Оған 200-ге жуық бойжеткен мен жігіт қатысады», — деді Е. Қатенов сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның ақпаратына сәйкес, «Бейбітшілік үшін мәдениет алмасу» халықаралық симпозиумы Астанада қырқүйектің 8-12 аралығында өтеді.

«Симпозиум өткізу идеясын осыдан бір жыл бұрын мұсылмандар скаутының халықаралық одағының өкілі — біздің құрметті мейман Хусейн Сахалмен бірлесіп қабылдадық», — деді ол.

Е. Қатеновтың айтуынша, шараның аясында «үнді вигвамдары түрінде скауттар қалашығы салынып, онда түрлі шеберханалар орналасады».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 10 қырқүйекте «Ислам – бейбітшілік діні» конференциясы, 11 қырқүйекте «Бейбітшілік жолындағы скаутингтің ролі конференциясы өтеді.

Е. Қатеновтың ақпаратына сәйкес, Қазақстанға Дүниежүзілік скауттар қозғалысы ұйымының бас хатшысы Люк Паниссод келеді.

Қазақстанда скауттар қозғалысы өткен ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болдады. Бүгінгі күні республикадағы скауттар қозғалысына 1,5 мың бала кіреді. Скауттардың жасы 10-15 жас аралығында.

Қазақстан Дүниежүзілік скауттар қозғалысының ұйымына 2008 жылы мүше болды.

Перейти к новостям спорта