Беларусь елшілігінің ғимаратын жаңалау жұмыстары 2003-жылдың қазаны мен 2004-жылдың қараша айлары аралығында жүргізілді. Екі қабатты ғимарат 363,5 шаршы метр аумақты алып жатыр. Дипломатиялық өкілдік орналасқан ғимарат ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің ескерткіші болып саналады.
Елшіліктің ашылу салтанаты қарсаңында Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лариса Пакуш журналистерге: «елшілікте төрт қызметкер жұмыс істейді, Барлығына да жұмыс орындары жетеді»,- деп мәлімдеді.