Астанада белгіленбеген орынға қоқыс тастаған жүргізушілер 4 млн теңге айыппұл төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада белгіленбеген орынға қоқыс тастаған жүргізушілер 4 млн теңге айыппұл төледі

Астанада белгіленбеген орынға қоқыс тастаған жүргізушілер 4 млн теңге айыппұл төледі

Жыл басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарды шығарып, лас сұйықтықты төккен 156 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

  • 11 Сәуiр 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол берілмеуге бағытталған іс-шараларды күнделікті жүргізіп отырады, деп хабарлайды Хабар 24.

Осы мақсатта қоқыс қалдықтары көптеп төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде. Тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзған үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрғылықты түрде жүргізіліп отырады.

Осы жылдың 9 сәуірінде Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Ильинка кентінде яғни Қорғалжын тас жолы көшесі бойында белгіленбеген орында құрылыс қоқыстарын тастаған «Камаз» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (72 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы 2018 жылдың басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарды шығарып, лас сұйықтықты төккен 156 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 3 млн 870 мың теңгеден астам.


Оқи отырыңыз:

Мұнда келіп лекция оқудың қажеті жоқ – Нығматулин Данияр Ақышевқа

Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты
Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады