Ақынның кешінде филология ғылымының докторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық мемлекеттік университетінің профессоры Серік Негимов, жазушы, сыншы Жұманазар Сомжүрек баяндамалар жасады.
Ақынды Қазақстан Республикасы Паламентінің Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл, Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалының өкілі Ауыт Мұхибек, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, ғалым Ербол Тілешев, Қарағандыдан арнайы келген ғалым Аманжол Нұрбеков, атамекені Қарқаралыдан — аудандық газет редакторы Рымбек Смағұлов, Павлодардан – облыстық тәртіптік кеңес төрағасы Нұрлан Рамазанов, Көкшетаудан — қажы, полковник Нұрпейіс Ақпаров, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, академик Сейіт Қасқабасов, дипломат-профессор Сайлау Батыршаұлы, жазушы Сұлтан Оразалинов, жерлестері, экс-депутат Ерасыл Әбілқасымов, «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ президенті Ғабдоллатиф Мырзақұлов, энергетик Сансызбай Қуатов, профессор Рахымжан Тұрысбек, қоғам қайраткерлері Жекен Қалиев, Зәуреш Батталова, Алматы мен Оралдан келген өнер қайраткерлері Донеділ Қажымов және Гүлнәр Дәукенова, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Ғалия Бөкеева құттықтады.
Кеште Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының әртістері Болат Ыбыраев пен Бақыт Исабекова және «Астана» университетінің шәкірттері профессор Жамал Қалиеваның жетекшілігімен ақынның өлеңдерінен жасалған композицияны орындап берді, оның сөздеріне жазылған композиторлар Бейбіт Дәлденбайдың «Ертіс самалы», Ерсайын Жапақтың «Тоғжаным», Жасарал Еңсеповтың «Ағажан», Қайыржан Мақановтың «Ақселеу», Сіләмқожа Қарақыстықтың «Жүрегімнің елжіреттің елігін» атты әндері шырқалды. Жиынды жас ақын Өміржан Көпбосын жүргізіп отырды. Кеш әсерлі де тартымды өтті.