Астанада белгілі қазақ жазушысы және драматург Дулат Исабековтің 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада белгілі қазақ жазушысы және драматург Дулат Исабековтің 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті

Астанада белгілі қазақ жазушысы және драматург Дулат Исабековтің 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті

Кеше Астанадағы Конгресс-холлда қазақтың белгілі жазушысы және драматург Дулат Исабековтің 70 жасқа толуына орайластырылған шығармашылық кеш өтті. Бұл туралы «Казахстанская правда» бүгінгі санында хабарлады.

  • 27 Қазан 2012
  • 1013
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жазушыға жолдаған құттықтау хатында Алматыда жақында өткен «Исабаев әлемі» халықаралық театр фестивалінің табысты өтуі және жазушы шеберлігі көптеген тамаша кейіпкерлер галереясын жасағаны атап көрсетілген. Президент құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай оқып берді.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен, Премьер-Министр Серік Ахметовтен құттықтаулар келіп түсті. Оларды жиналғандарға жазушылар Алдан Смайыл мен Жолтай Алмашев жеткізді. Қазіргі қазақ прозасының ақсақалы Әбдіжәміл Нұрпейісов Дулат Исабековтің шығармаларын әсіресе жастар құныға оқығанын атап өтті.

Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлықредакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып істеген. Қазір «Мәдениет» журналының бас редакторы.

Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды.

«Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «МұңлықЗарлық», «Амал мен айла» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ.Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді.

Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының (1985, «Мұрагерлер» пьесасы үшін), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1992), Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2006).

Соңғы жаңалықтар