Астанада белгісіз біреулер "Азаттық" радиосының журналисін соққыға жығып, тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада белгісіз біреулер "Азаттық" радиосының журналисін соққыға жығып, тонап кетті

Астанада белгісіз біреулер "Азаттық" радиосының журналисін соққыға жығып, тонап кетті

Белгісіз біреулер "Азаттық" радиосының Астанадағы қосынының тілшісі Жұлдыз Төлеуді соққыға жығып, тонап кетті. Бұл туралы бүгін, 13-қаңтарда өткізілген баспасөз мәслихатында осы радионың Астаналық бюросының бастығы Төлеутай Дәмиев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 675
Фото - Caravan.kz

Т.Дәмиевтің айтуынша, шабуыл журналист қаңтардың 9-ынан 10-на қараған түнгі сағат 12 жарым шамасында жұмыстан қайтып келе жатқан кезде жасалған. «Есілдің жағалауындағы Елордасының ең бір самаладай жарқыраған, адам аяғы мол жүретін көшесінде екі бірдей еркек қызға шабуыл жасап, оны қатты соққыға жығып, сөмкесін тонап кеткен»,- деді ол.

KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Ж.Төлеудің атап көрсетуінше, «шабуыл жоғары лауазымды шенеуніктер тұратын, әрі тәулік бойы күзет қойылған үйлердің жанында жасалған». «Сол күні мен әлгі үйлердің жанындағы күзетшілер үйшігінен ешкімді көрмедім. Жан даусым шыға айқайлап, адамдарды көмекке шақырсам да оны естіп үн қатқан ешкім болмады»,- деді ол.
Шабуылдан кейін өз-өзіне келіп, есін жинаған Ж.Төлеу Республика даңғылына шығып, таксимен үйіне жеткеннен кейін полицияға қоңырау шалып, шабуыл туралы хабарлаған. Алайда, журналистің айтуынша, шақыру ізімен келген түртіп сақшыларының жасағы «шабуыл өздеріне қарасты аумақта жасалмаған» дегенді алға тартып, зардап шегушінің арызды қабылдаудан бас тартқан. Соның салдарынан екінші жасақты шақыруға тура келіпті. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаға «қылмыстық топтың түн мезгіліндегі ашықтан-ашық тонаушылық әрекеті» деген баға беріп отыр.
Радиостанция басшылығының пікірінше, «тәртіп сақшылары бұл іс бойынша жұмысқа мейлінше қырсыздық танытты». Ішкі істер мекемелері «Азаттық» радиосы қызметкерлері тарапынан жасалған бірқатар шаралардан кейін ғана шабуыл туралы арызға мән бере бастаған.
Тілшілер қосыны төрағасының айтуынша, Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасы бүгін күдікті деген бір адамның ұсталғанын хабарлаған.
Т.Дәмиев журналист қызға жасалған шабуыл оның кәсіби қызметімен байланысты ма деген сауалға нақты жауап бере алмады. Астаналық бюро төрағасы тек қана «Ж.Төлеу — әшкерелеу немесе сенсациялық сипаттағы ешқандай материал жасамайтын журналист» деп атап көрсетті.
Қазір соққыға жығылған журналист үйінде емделіп жатыр. Дәрігерлер оған миы шайқалған деген диагноз қойды.

Соңғы жаңалықтар