Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өзге зардап шегушілердің денсаулығына қатысты пікір білдірді.
«12 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға құрылыс алаңынан биіктен құлап кеткен 3 зардап шегуші түсті. Үшеуіне де көптеген жұмсақ тін жарақаты, қабырғасының, жамбас сүйектерінің, мойын сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзаларының жарылуы, шок және жоғары дәрежелі травматикалық жағдай диагноздары қойылды», — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Зардап шеккендер жансақтау бөлімдеріне жатқызылып, алған жарақаттары бойынша хирургиялық және қарқынды ем жүргізілді.
«Көптеген ауыр жарақаттың салдарынан 12 қазанда сағат 17:40-та зардап шегуші – 1999 жылы туған азамат қайтыс болды. Бүгінде тағы екі зардап шегуші – 1999 және 2002 жылдары туған екі жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр», — деді олар.