Астанада білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларға арналған көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларға арналған көрме өтеді

Астанада білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларға арналған көрме өтеді

14-қарашада Астанада "Білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар" деген тақырыпта республикалық көрме өтеді. Көрмені ҚР білім және ғылым министрілігі мен білім беру саласын ақпараттандыру жөніндегі Республикалық орталық бірлесе ұйымдастырып отыр.

  • 13 Қараша 2003
  • 1130
Фото - Caravan.kz

Көрмені өткізуде еліміздегі білім беру саласын ақпараттандыруды дамытудағы басымдықтарды айқындау — басты мақсат ретінде көзделіп отыр. Шараға ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев, облыстық және қалалық білім беру департаментінің, жоғары оқу орындарының, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың басшылары, ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысады.

Көрмеге отандық және шетелдік компаниялардың білім беру саласындағы бағдарламалық өнімдері қойылады. Электрондық оқулықтарды жасау және оларды сараптау, білім беру порталын құру мен қашықтан оқытуды ұйымдастыру принциптері көрменің бірнеше арнайы бөлімінде талқыланады.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, елімізде білім беру саласын ақпараттандыруға арналған бірқатар бағдарламалар қабылданды. Соған қарамастан қазіргі жағдаймен қалалық мектептердің небәрі 47 проценті, ауылдық мектептердің 38 проценті ғана жаңа кезең компьютерлерімен қамтамасыз етілген. Ал қалғандары күні бүгінге дейін оқыту процессін едәуір баяулататын ескірген компьютерлік техникамен жұмыс істейді. Еліміз бойынша барлығы 1700 мектеп қана, басқаша айтқанда, барлық мектептердің 20 проценті ғана Интернет желісіне қосылған.
Қазір еліміз бойынша біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістігін құру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде еліміздің 6 аймағынан 663 мектеп аталмыш бағдарлама бойынша жұмыс істейді.
Соңғы бірнеше жылда 94 электрондық оқулық пен мультимедиялық оқытушы бағдарламалар жасалды. Бұл еліміздің оқу жоспарына қамтылған кітаптардың үштен бір бөлігін құрайды. Көрмеге барлығы 178 электрондық оқулықтар, соның ішінде бастауыш және орта кәсіптік білім беру саласына арналған 65, жоғары білім беру саласына арналған 56, орта мектепке арналған 57 оқулық қойылады.
Көрме нәтижесінде білім беру ошақтарына ең таңдаулы бағдарламалық өнімдерді оқыту процессіне қолданысқа енгізу жөнінде нұсқау беріледі.

Соңғы жаңалықтар