Астанада бір күнде бірнеше жер үйдің тұрғындары иіс тиіп уланды
Астанада Промышленный кенті мен Оңтүстік-Шығыс шағынауданындағы жекеменшік үйлердің тұрғындары иіс тиіп уланды. |
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
23 қараша күні, сағат 06.23-те Промышленный кентіндегі жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан үш адам - 31 және 67 жастардағы ер адамдар мен 65 жастағы әйел иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.
23 қараша 10.55-те Оңтүстік-Шығыс шағынауданында орналасқан жекеменшік үйде осындай жағдайда 31 жастағы әйел көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін