Астанада бір күнде бірнеше жер үйдің тұрғындары иіс тиіп уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бір күнде бірнеше жер үйдің тұрғындары иіс тиіп уланды

Астанада бір күнде бірнеше жер үйдің тұрғындары иіс тиіп уланды

Астанада Промышленный кенті мен Оңтүстік-Шығыс шағынауданындағы жекеменшік үйлердің тұрғындары иіс тиіп уланды.

  • 24 Қараша 2012
  • 333
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

23 қараша күні, сағат 06.23-те Промышленный кентіндегі жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан үш адам — 31 және 67 жастардағы ер адамдар мен 65 жастағы әйел иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.

23 қараша 10.55-те Оңтүстік-Шығыс шағынауданында орналасқан жекеменшік үйде осындай жағдайда 31 жастағы әйел көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті.