Caravan Logo

Астанада бір күнде бірнеше жер үйдің тұрғындары иіс тиіп уланды

Астанада бір күнде бірнеше жер үйдің тұрғындары иіс тиіп уланды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

23 қараша күні, сағат 06.23-те Промышленный кентіндегі жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан үш адам - 31 және 67 жастардағы ер адамдар мен 65 жастағы әйел иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.

23 қараша 10.55-те Оңтүстік-Шығыс шағынауданында орналасқан жекеменшік үйде осындай жағдайда 31 жастағы әйел көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті.