Астанада бір отбасының төрт адамын асқан айуандықпен өлтірді деген күдікті екі-үш аптаның ішінде Ресейден Қазақстанға экстрадицияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бір отбасының төрт адамын асқан айуандықпен өлтірді деген күдікті екі-үш аптаның ішінде Ресейден Қазақстанға экстрадицияланады

Астанада бір отбасының төрт адамын асқан айуандықпен өлтірді деген күдікті екі-үш аптаның ішінде Ресейден Қазақстанға экстрадицияланады

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бір отбасының төрт адамын асқан айуандықпен өлтірді деген күдікті екі-үш аптаның ішінде Ресейден Қазақстанға экстрадицияланады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

Аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікті О. Евлоев Ингушетияда ұсталған болатын. Қазір ол Грозный қаласының уақытша тергеу абақтысында отыр. Еліміздің мемлекеттік органдары ресейлік әріптестерімен келіссөздер жүргізуде. Ресей Федерациясының заңы бойынша күдіктінің азаматтығын анықтауға 10 күн беріледі. Тағы 10 күн тиісті шаралар өткізуге қарастырылған.

«Экстрадициялау шешімін Мәскеу беретіндіктен, қазіргі уақытта Грозный мен Мәскеудің арасында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнде Қазақстан мен Ресей арасында бұл іс бойынша ешқандай кедергі жоқ. Сұрау салынған құжаттар уақытылы, әрі қиындықсыз берілді. Сондықтан екі-үш аптаның ішінде күдікті елге жіберіледі», деді Б. Қожахметов.

Ал қылмысқа қатысы бар деп танылған екінші күдікті Теннің жұбайының баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесін Б.Қожахметов «тергеуге әсер етуге жасмалған әрекет деп бағалап отырғанын» мәлімдеді. «Бұл азаматтың екі адвокаты бар. Әрбір жауап алу адвокаттың қаытсуымен жүргізіледі. Әрбір жауап алудың алдында және одан кейін дәрігерлік куәландыру жүргізіледі. Сол себепті оны азаптап, зорлық көрсетілуде деген мәлімдеменің ешқандай негізі жоқ»,- деді Б.Қожахметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада қылмыскерлер жеке кәсіпкердің әйелі мен үш баласын асқан айуандықпен өлтіріп кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов 22 қазанда өткен брифингте мәлім етті.

Оның айтуынша, 21 қазанда сағат 22.51-де «Чубары» ықшамауданындағы бір жер үйде үй иесі әйел мен оның 10, 7 және 3 жасар үш баласының мәйіттері пышақ жарақаттарымен табылды.

Олар асқан айуандықпен өлтірілген. «Ал отағасы, жеке кәсіпкер, бір жеке кәсіпорынның директоры өлім болған кезде қызметтік іссапармен шетелде жүрген», — деді Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар