Астанада бір отбасының төрт адамын өлтірген қанішер Ингушетия аумағында қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бір отбасының төрт адамын өлтірген қанішер Ингушетия аумағында қолға түсті

Астанада бір отбасының төрт адамын өлтірген қанішер Ингушетия аумағында қолға түсті

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада төрт адамды бірдей өлтірген қанішер -күдікті деп танылған Олег Евлоев Ингушетия аумағында қолға түсті. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қазан 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

«29 қазан күні кешке Ресей, Қазақстан, Ингушения мен Шешенстан ІІМ қызметкерлері жұмылдырылған күрделі іс-шараның нәтижесінде Олег Евлоев Ингушетия аумағында қолға түсті «, — деді Б. Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, қазір тұтқын Грозный қаласының уақытша тергеу абақтысында отыр.

«Қазір біз оны РФ аумағынан Қазақстанға экстрадициялау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді министр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада белгісіз қылмыскерлер жеке кәсіпкердің әйелі мен үш баласын асқан айуандықпен өлтіріп кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов 22 қазанда өткен брифингте мәлім етті.

Оның айтуынша, 21 қазанда сағат 22.51-де «Чубары» ықшамауданындағы бір жер үйде үй иесі әйел мен оның 10, 7 және 3 жасар үш баласының мәйіттері пышақ жарақаттарымен табылды.

Олар асқан айуандықпен өлтірілген. «Ал отағасы, жеке кәсіпкер, бір жеке кәсіпорынның директоры өлім болған кезде қызметтік іссапармен шетелде жүрген», — деді Б. Қожахметов.

«Үйдің ауласынан қара түсті, Z 397 AV деген мемлекеттік нөмірі бір «Тойота Камри 40″ көлігі, сондай-ақ, зергерлік бұйымдар мен 500 мың теңге тоналған», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар