Жарияланды: 490

Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді

Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді.

Бұл туралы астаналық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Қаладағы орташа ауа температурасы 27 градус аязды көрсетуде. Еске салайық, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін