Жарияланды: 430

Астанада бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқымайды

Астанада бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқымайды

Ауа температурасының төмен болуына байланысты

Астана мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасынан хабарлады. Осы уақытта елордада -30 градус аяз. Еске салайық, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын. Сабақты тоқтату туралы ақпарат: - «31 - канал» теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін) беріледі; - сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден - 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады. - ата- аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін